30 қазан күнгі жағдай бойынша жедел деректер

5232

барлық сырқаттанғандар

1

тәуліктік көрсеткіш

5152

сауыққандар

72

өлім жағдайы

Онлайн режимдегі аналитикалық деректер қоры

ОНЛАЙН ҚОСЫМШАЛАР

Коронавирус бойынша жадынамалар

КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ

КОРОНАВИРУС БЕЛГІЛЕРІ

Көптеген жағдайларда бұл белгілер коронавируспен емес, әдеттегі ЖРВИ-мен байланысты.

НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕР

Жоғары дене қызуы

Жөтел(құрғақ немесе аз мөлшерде қақырықпен)

Ентігу

Кеуде қуысының қысылуы

СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН БЕЛГІЛЕР

Бас ауруы

Қан түкіру

Диарея

Жүрек айнуы, құсу

Бұл белгілер инфекциялық науқаспен байланыста болғаннан кейін 14 күн ішінде көрінуі мүмкін. Белгілер көптеген респираторлық аурулармен ұқсас болып келеді, көбінесе қалыпты суық тию немесе тұмау болып та көрінуі мүмкін.

Профилактика

Коронавирусты инфекцияның алдын алу бойынша 7 қадам

Қоғамдық орындардан өзіңізді аулақ ұстаңыз: сауда орталықтарынан, спорттық және
ойын-сауық іс-шараларынан, қарбалас уақытта қоғамдық көліктерден.

Бір реттік медициналық маска (респиратор) қолданыңыз және қоғамдық орындарда
оны әр 2-3 сағат сайын ауыстырып тұрыңыз.

ЖРВИ(жөтел, түшкіру, мұрыннан сұйықтық ағу) белгілері бар адамдармен жақын
қарым-қатынаста болудан және бір бөлмеде болудан сақтаныңыз.

Сырттан келгеннен кейін, бөтен адамдармен байланыста болған соң қолды сабынмен
және сумен мұқият жуыңыз.

Гаджеттерді ,оргтехниканы және қолыңыз жанасатын жерлерді дезинфекциялап тұрыңыз.

Мүмкіндігінше сәлемдесу кезінде тығыз құшақтасу мен қол алысуды шектеуге тырысыңыз.

Жеке гигиена заттарын индивидуалды түрде ғана пайдаланыңыз (сүлгі, тіс щеткасы).

МИФТЕР МЕН ЖАЛҒАН ТҮСІНІКТЕР

Антибиотиктер, жаңа коронавирусты инфекцияның алдын алу және емдеудің тиімді құралы болып табылады ма?

Жоқ, антибиотиктер вирустарға қарсы әсер етпейді.Олар тек бактериялық инфекцияларды емдеуге мүмкіндік береді. Жаңа коронавирус-бұл вирус , демек , антибиотиктерді коронавирусты инфекцияның алдын алу және емдеу үшін қолдануға болмайды. Дегенмен, инфекциямен емдеуге жатқызылған пациенттерге ілеспе бактериялық инфекцияларды емдеу үшін антибиотиктер тағайындалуы мүмкін.

Мұрынды тұзды ерітіндімен үнемі шаю коронавирусты жұқтырудан қорғай ала ма?

Жоқ. мұрынды тұзды ерітіндімен үнемі шаю жаңа коронавирустық инфекциядан қорғауға мүмкіндік беретіні туралы ғылыми деректер жоқ. Кейбір деректер бойынша, мұрынды тұзды ерітіндімен үнемі шаю қарапайм суық тигенде , жазылуды тездетуі мүмкін. Алайда, респираторлық инфекциялардың алдын алу құралы ретінде мұрынды үнемі жуу тиімділігінің дәлелі жоқ.

Жаңа коронавируспен тек егде жастағы адамдар ғана ауырады деген рас па, немесе жастар да осы инфекцияны жұқтыруы мүмкін бе?

Жаңа коронавирусты барлық жас категорияларының өкілдері жұқтыруы мүмкін.Егде адамдар және белгілі бір аурулармен ауыратын адамдар(мысалы,астма, диабет, жүрек ауруы) коронавирусты инфекцияның ауыр түрлерінің жоғары даму қаупіне бейім. ДДҰ кез келген жастағы адамдарға, қол және жөтел гигиенасы сияқты ,жұқтырудан қорғану шараларын барынша қолдануды ұсынады.

Коронавирусты үй жануарларынан жұқтыру мүмкін бе?

Қазіргі таңда адамның респираторлық ауруларының қоздырғышы болып табылатын коронавирустардың 7 түрі белгілі. Осы вирустар арасында Жаңа COVID-19 да бар . Қазіргі заманғы деректерге сәйкес, вирустардың осы түрлерінен туындаған коронавирустық инфекцияның көзі, жануарлар - мысықтар,ит,атжалмандар және басқалары -бола алмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, мысықтар мен иттер арасында жаңа коронавирусты жұқтыру жағдайлары тіркелмеген, сонымен қатар үй жануарларының COVID-19 ды тарату фактілері де тіркелген жоқ.

БЕЙНЕ МАТЕРИАЛДАР

ӘЛЕМДІК СТАТИСТИКА